Арнаулы қызметтер достастық елдері қауіпсіздігіне төнетін қауіп-қатерлерді бағалаудың бірыңғай әдісін енгізу және оларды жою үшін арнаулы қызметтердің өзара іс-қимыл тиімділігін арттыру мәселелерін талқылайды.
ERNUR.KZ. Бішкекте Тәуелсіз мемлекеттер достастығына қатысушы мемлекеттердің қауіпсіздік органдары мен арнаулы қызметтері басшылары кеңесінің 54-отырысы өтіп жатыр, деп жазады inform.kz.
Арнаулы қызметтер достастық елдері қауіпсіздігіне төнетін қауіп-қатерлерді бағалаудың бірыңғай әдісін енгізу және оларды жою үшін арнаулы қызметтердің өзара іс-қимыл тиімділігін арттыру мәселелерін талқылайды.
Кездесу барысында арнаулы қызметтер ТМД-ға қатысушы мемлекеттердегі ахуалды тұрақсыздандыру және конституциялық құрылымын күшпен өзгерту мақсатында шетелден жауынгерлік дайындықтан өткен тұлғаларды анықтау және олардың әрекетінің жолын кесу бойынша бірлескен іс-шараларды айқындайды.
Сонымен қатар іс-шара қатысушылары лаңкестікпен және діни экстремизммен күрес саласында, оның ішінде Ұлттық лаңкестікке қарсы комитет базасында жұмыс істейтін Лаңкестікке қарсы іс-қимыл жөніндегі халықаралық деректер банкі аясында ақпарат алмасуды жетілдіру жолдарын қарастырады.
Достастықтың лаңкестікке қарсы орталығы кеңес мүшелерінің қарауына ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің 2023-2025 жылдарға арналған Лаңкестікпен және экстремизмнің өзге де зорлық-зомбылық көріністермен күрес жөніндегі ынтымақтастық бағдарламасының 2023 жылы жүзеге асыру қорытындысы туралы есеп ұсынады. Мұнан бөлек, іс-шара барысында қызметтің түрлі бағыты бойынша кеңестік жұмыс органдары отырысын өткізу жоспарланған.