Денсаулық сақтау министрі Эркин Чечейбаев пациенттердің бір бөлігі операциядан кейін реанимацияда болғанын айтты.
Сурет: Қырғызстан ТЖМ
Медициналық қызметкерлер мен науқастарды қосқанда 260 адам эвакуацияланды.
Денсаулық сақтау министрі Эркин Чечейбаев пациенттердің бір бөлігі операциядан кейін реанимацияда болғанын айтты. Өрттен кейін олар шұғыл түрде басқа медициналық мекемелерге ауыстырылды. Тоғыз адам, оның ішінде жеті бала реанимация бөлімшелеріне жеткізілді, олардың жағдайы тұрақты ауыр деп бағаланды.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, жертөледегі өрттен шыққан түтін желдету жүйесі арқылы таралып, эвакуацияны қиындатқан.
Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша өрттің себептерін анықтау үшін ведомствоаралық топ құрылды. Сонымен қатар, Үкімет медициналық мекеменің жұмысын жедел қалпына келтіруге нұсқау берді. Оқиғаның мән-жайлары зерттелуде.
Бұған дейін елордада жеделсаты ішінде шабуылға ұшыраған бес жасар балаға ота жасалғандығы хабарланған болатын.