Блогердің кеңесіне құлақ асқан жүкті әйел сәбиінен айырылды

0
117

Дәрігерлер келген соң сәби жарты сағат бойы реанимацияланғанымен, оны құтқару мүмкін болмады.


Блогердің кеңесіне құлақ асқан жүкті әйел сәбиінен айырылды

Фото: pixabay.com

ERNUR.KZ. Австралиялық жүкті әйел блогердің кеңесі бойынша үйде бассейнде босанамын деп сәбиін жоғалтты, деп жазады BAQ.KZ.

Эмили Лал есімді әйел әлеуметтік желідегі блогердің ұсынысын тыңдап, оның басқаратын босану бассейнін жалға алған. Аталған блогер білікті акушерлерге сенбейтінін және олардың балаларға зиян келтіруі мүмкін деген көзқараста екенін білдірген. Сондай-ақ, ол ресми денсаулық сақтау жүйесінен көңілі қалғанын ашық айтқан.

Эмили бассейнді үйде босану үшін пайдаланған, ал нәресте дүниеге келгеннен кейін жарты сағат ішінде жағдайы нашарлай бастады. Әйел дереу блогерге хабарласып, көмек сұрағанымен, жауап 25 минутқа кешігіп келді. Осыдан кейін блогер анаға жедел жәрдем шақыру керектігін ескерткен.

Дәрігерлер келген соң сәби жарты сағат бойы реанимацияланғанымен, оны құтқару мүмкін болмады.

Сараптама нәтижелері бойынша, егер ана ауруханада, білікті мамандардың бақылауымен босанған болса, баланың өмірі сақталуы мүмкін еді.