Бүлінген дәрілердің себебінен 16 баланың бетіне қалың түк өскен

0
1 809

Балалар дәрілерді ішуді тоқтатқанда түктің өсуі кеміген.


Бүлінген дәрілердің себебінен 16 баланың бетіне қалың түк өскен

ERNUR.KZ. Испанияда 16 бала асқазан ауруын емдеу үшін омепразол қабылдағаннан кейін беттерін қалың түк басқан, деп жазады ktk.kz.

Медикаменттерде түктердің өсуін ынталандыратын миноксидил шыққан. Құрамы дұрыс емес медикаменттер 30 аса дәріханаға түскен болуы мүмкін. Осы оқиға билікке мәлім болғаннан кейін оны сатылымнан шығара бастаған.

Дәріні шығарған фармацевтикалық компанияның лицензиясы тоқтатылған. Компанияның өкілі өндірістегі қателік Үндістандағы жеткізушінің зауытында жіберілген дейді. Балалар дәрілерді ішуді тоқтатқанда түктің өсуі кеміген.