Бұрын соңды болмаған аяз: Түркияда термометр бағаны –33 градусқа дейін төмендеді

0
200

Өзендер мен көлдерді мұз басып қалды.


Бұрын соңды болмаған аяз: Түркияда термометр бағаны –33 градусқа дейін төмендеді

фото: piki-trip.ru

ERNUR.KZ. Шығыс Анатолияда жаңа жыл ауа райының күрт суытуымен басталды, деп жазады inbusiness.kz.

4 қаңтарға қараған түні Эрзурум провинциясының Текман ауданында термометр рекордтық минус 33,1 градусқа дейін төмендеген.

Түркияның метеорологиялық бас басқармасы Эрзурумдағы Гаджиомер ауылын "елдегі соңғы 24 сағаттағы ең суық нүкте" деп жариялады.

Тұрғындарға аса қажет болмаса көшеге шықпауға кеңес берілді.

Ардахан провинциясының Геле ауданында 28,8 градус аяз, Эрзинджанның Чайырлы ауданында – минус 27,8, Ванның Чалдыран ауданында – минус 26,6, Сарыкамышта (Карс) – минус 22,1 болды.

Метеорологиялық орталықтың хабарлауынша, Түркияның шығысындағы қатты аяз 8 қаңтарға дейін жалғасады.