Бұрынғы үкімет басшысы тұрмыс құрмаған қыздарға кеңес берді

0
2 269

​Италия үкіметінің бұрынғы басшысы Сильвио Берлускони британиялық тележүргізушіге қалай тұрмысқа шығуға болатынын айтып берді, деп жазды Sputnik "РИА Новости"-ге сілтеме жасап.


Бұрынғы үкімет басшысы тұрмыс құрмаған қыздарға кеңес берді

фото интернеттен алынды

Италия үкіметінің бұрынғы басшысы Сильвио Берлускони британиялық тележүргізушіге қалай тұрмысқа шығуға болатынын айтып берді, деп жазды Sputnik "РИА Новости"-ге сілтеме жасап.

81 жастағы саясаткер қыздардың тұрмысқа шыға алмауын олардың қолды қатты қысатынымен байланыстырады.

"Қолды қатты қыспа! Әйтпесе "мына қыз мені ұрып жығады" деп ойлап қалып, ешкім сені әйел етіп алмайды", — деді ол журналиске.

"Тұрмысқа шыққансың ба? Жоқ? Көрдің бе, енді білетін болдың. Демек, бұл сенің өміріңдегі ең маңызды кездесу болды", — деп түйіндеді Берлускони.

Сильвио Берлускони күлкілі әңгіме айтудан алдына жан салмайды. Мысалы, 2008 жылы ол Барак Обаманы "жас, әдемі және күнге жақсы күйген президент" деп атаған.