Мұны Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік бағдарламасы өкілдері хабарлады.
Сурет: pixabay
ERNUR.KZ. АҚШ-тың халықаралық гуманитарлық көмекті тоқтатуы Ауғанстанда ашаршылықтың белең алуына әкеп соғуы мүмкін, деп жазады zakon.kz.
Мұны Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік бағдарламасы өкілдері хабарлады. Бұл агенттік қазір жергілікті кедейлердің жартысын да тамақпен толықтай қамтамасыз ете алмай отыр.
Айта кетсек, биыл қаңтарда АҚШ президенті Дональд Трамп федералдық бюджетті үнемдеу мақсатында шетелге жәрдемді 3 айға тоқтатты.
Ал осы айдың басында Вашингтон дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасын қаржыландырудан бас тартатынын жариялады.
Біріккен Ұлттар Ұйымының ойынша, "Бұл шешім жүзеге асатын болса, онда ол Ауғанстанда миллиондаған адамды өлім жазасына кескенмен тең болады".