Ақтауда теңіз жағалауында отшашу атқан азаматқа айыппұл салынды

0
90

Аталған дерек бойынша ұсақ бұзақылық фактісімен әкімшілік іс қаралды.


Ақтауда теңіз жағалауында отшашу атқан азаматқа айыппұл салынды

фото: Sputnik / Санат Имангалиев

ERNUR.KZ. Ақтауда теңіз жағалауында отшашу атқан азаматқа айыппұл салынды, деп жазады sputnik.kz.
"Ақтауда теңіз жағалауында отшашу атып, азаматтардың тыныштығын бұзған 20 жастағы тұрғын әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - дейді полицияда.
Анықталғандай, Мұнайлы ауданының тұрғыны Баймырза Түркменбай пиротехникалық бұйымдарды пайдаланып, қоғамдық тәртіпті бұзған.
Аталған дерек бойынша ұсақ бұзақылық фактісімен әкімшілік іс қаралды.
Сот қаулысымен құқық бұзушыға 60 550 теңге мөлшерінде айыппұл салынды.