Осы дерекке сай, мұндай үкім шығарылғандардың 40 пайыздан астамы – есірткі ісіне қатысты ұсталғандар.
Фото: pexels
ERNUR.KZ. Иранда биылғы жарты жылда 612 адам өлім жазасына кесілген. БҰҰ осылай деп мәлімдеді. Аталған көрсеткіш былтырғы жылдың осы кезеңінмен салыстырғанда екі есе көп, деп жазады zakon.kz.
Ұйымның дерегінше, қазіргі уақытта тағы 48 адам өлім жазасына кесілмек.
Осы дерекке сай, мұндай үкім шығарылғандардың 40 пайыздан астамы – есірткі ісіне қатысты ұсталғандар. Көбіне сот процесі жабық өтеді.
Иранның конституция сақшыларының кеңесі тағы бір заң жобасын қарастырып жатыр.
Оған сай тыңшылықтан бөлек, интернетте сөйлесу, шетел БАҚ-тарымен ынтымақтастық, тіптен идеологиялық келіспеушілік үшін ең ауыр жаза кесілуі мүмкін.