Ресми статистикаға сәйкес, туристік кірістің шамамен 17 пайызы елге сапармен келген резидент емес түрік азаматтарынан түскен.
ERNUR.KZ. 2024 жылы Түркияның туризмнен түсетін кірісі жылдық мәнде 8,3 пайызға өсіп, 61,1 млрд АҚШ долларына жетті, деп жазады Синьхуа, деп жазады kaz.inform.kz.
Бұл туралы жұма күні түрік статистика институты хабарлады.
“ Туризмнен түсетін түсімдер орта мерзімді бағдарламаның нысаналы көрсеткіштерінен асып, 2024 жылдың қорытындысы бойынша 61,1 млрд АҚШ долларын құрап, біздің тарихымыздағы ең жоғары деңгейге жетті”, — деп жазды Х әлеуметтік желісінде республиканың вице-президенті Джевдет Йылмаз.
Оның айтуынша, өткен жылы Түркияға барлығы 62,2 млн турист келген. Бұл көрсеткіш те биліктің болжамынан асып түскен көрінеді.
Вице-президент атап өткендей, енді Түркия үкіметі туризмнен 63,6 млрд доллар табыс табуды жоспарлап, 2025 жылы осы оң динамиканың сақталуын күтуде.
Ресми статистикаға сәйкес, туристік кірістің шамамен 17 пайызы елге сапармен келген резидент емес түрік азаматтарынан түскен. Бұл ретте туризмнен түсетін түсімдердің жалпы көлемінің 43,9 млрд АҚШ доллары саяхатшылардың жеке шығындары құраған. Ал пакеттік турларға олар шамамен 17,4 млрд АҚШ долларын жұмсаған.