Жол апаты салдарынан «Niva» автокөлігінің жүргізушісі оқиға орнында тіл тартпай кетті.
Фото: © istockphoto.com
ERNUR.KZ. Атырау облысының аумағында 7 қараша күні облыстық маңызы бар Атырау - Индер автожолының 17-шақырымында«Toyota Sienna» және «Niva» автокөліктерінің қатысуымен қайғылы жол-көлік оқиғасы болды, деп жазады Azattyq Rýhy.
Жол апаты салдарынан «Niva» автокөлігінің жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Ал «Toyota Sienna» көлігі толығымен өртеніп кетті.
Атырау облыстық полиция департаменті болған жағдайдың орны толмас қайғыға әкелгенін атап өтіп, жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырды.
Тәртіп сақшылары белгіленген жылдамдық режимін асырмай, көліктер арасындағы қауіпсіз қашықтықты сақтауды ескертеді. Сондай-ақ басып озу кезінде және қарсы қозғалыс жолағына шыққанда аса мұқият болу қажеттігін атап өтті.


