Бұл туралы Сан-Диегодағы Калифорния университетінің ғалымдары мәлімдеді.
ERNUR.KZ. Ғалымдар COVID-19 инфекциясымен ауырған адамдардың денсаулығында алдағы уақытта қандай өзгерістер болуы мүмкін екенін зерттеді, деп хабарлайды Хабар24.
Олар індет жұқтырып, жазылып шыққан адамдарда депрессия мен психоздан бастап орталық жүйке жүйесінің асқынуына дейін болуы мүмкін деген қорытындыға келді.
Сарапшылардың пікірінше, осыған дейінгі пандемиялардың зардабы әртүрлі психоневрологиялық белгілермен, оның ішінде энцефалопатия, көңіл-күйдің өзгеруі, психоз, нерв-бұлшықетінің дисфункциясы және жүйке жасушаларының демиелинациясымен байқалған.
Авторлар бұл ретте 1918 жылы болған Испан тұмауын, 2003 жылғы SARS-CoV-1, 2009 жылғы H1N1 және 2012 жылғы MERS-CoV инфекцияларының салдарын мысалға келтіреді.
Мамандар дәрігерлер қазіргі уақытта барлық науқастардағы психоневрологиялық өзгерістердің белгілерін бақылауы керек деп санайды.