COVID-19-дың жаңа мутациясы тағы бір елден табылды

0
1 582

COVID-19-дың жаңа вариациясы «классикалық» вирустан 180 геномның 38-інде мутациямен ерекшеленеді және «британдық» типке ұқсас, S ақуызында E484K мутациясы бар.


COVID-19-дың жаңа мутациясы тағы бір елден табылды

ERNUR.KZ. Коронавирустың жаңа нұсқасы «британдық» типке ұқсас, S ақуызында E484K мутациясы бар, деп жазады baq.kz.

Бразилияның Рио-де-Жанейро штатында ғалымдар коронавирустың жаңа штаммын анықтады. Бұл туралы 22 желтоқсанда Globo газеті хабарлады.

Бізде бұл мутацияның үлкен қауіп төндіретіні жайлы еш дәлел жоқ. Бірақ бұл вирустың мемлекет ішінде қарқынды таралып жатқанын, әлеуметтік қашықтық шаралары мен қадағалаудың қаншалықты маңызды екенін көрсетеді, - дейді Ұлттық ғылыми есептеу зертханасындағы биоинформатика зертханасы ғылыми тобының жетекшісі Ану Тереза Вашконселуш.

COVID-19-дың жаңа вариациясы «классикалық» вирустан 180 геномның 38-інде мутациямен ерекшеленеді және «британдық» типке ұқсас, S ақуызында E484K мутациясы бар.
Сонымен бірге, ғалымдардың пікірінше, Рио-де-Жанейрода «жаңа» COVID-19 шілде айында пайда болғанға ұқсайды. Қазіргі уақытта ол Бразилияның 19 штатынан табылып отыр.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін коронавирустың жаңа штаммы Ұлыбритания, Нидерланды, Дания, Австралия және Италия сияқты елдерде тіркелген. Сондай-ақ, Оңтүстік Африкада вирустың ұқсас мутациясы туралы хабарланды.
Бұған дейін Ұлыбританияда анықталған коронавирустың жаңа штаммына байланысты 40-тан астам ел патшалықпен көлік байланысын тоқтатуға немесе шектеуге шешім қабылдағанын.