COVID-19 қайта күшейді: Сингапур маска тағу режиміне көшті

0
1 511

Билік халықты жедел респираторлық инфекция белгілері болса үйде болуға, бетперде киюге және әлеуметтік қарым-қатынасты азайтуға шақырады.


COVID-19 қайта күшейді: Сингапур маска тағу режиміне көшті

ERNUR.KZ. Сингапурда COVID-19 жағдайларының күрт өсуі мен ауруханаға жатқызылған науқастардың көбеюіне байланысты маска тағу режимі қайтадан енгізілді, деп жазады stan.kz.

Сингапур денсаулық сақтау министрлігі желтоқсанның бірінші аптасында COVID-19 жағдайларының саны 32 035-тен 56 043-ке дейін өскенін хабарлады.

Билік халықты жедел респираторлық инфекция белгілері болса үйде болуға, бетперде киюге және әлеуметтік қарым-қатынасты азайтуға шақырады. Денсаулық сақтау министрлігі вакцинация және оның ауыр аурудың алдын алудағы тиімділігі туралы ақпаратты таратып, үгіт-насихат жұмыстарын күшейткен.

Елге келген саяхатшылардан әуежайларда бетперде кию, туристік сақтандыруды сатып алу және нашар желдетілетін және адам көп жиналатын орындарды маршруттан шығару сияқты алдын алу шараларын қабылдау ұсынылды. Аурухана ресурстарын оңтайландыру үшін жұртшылыққа тек ауыр немесе өмірге қауіп төндіретін төтенше жағдайларда ғана жедел жәрдем бөлімшелеріне емделуге кеңес берілуде.

Еске салайық, бұған дейін Қытайда микоплазмалық пневмонияға байланысты бетперде режимі енгізілгені туралы хабарлаған едік.