Да Винчидің «Мона Лиза» картинасы екіге бөлініп қалуы мүмкін

0
1 649

"Кез-келген қозғалыс, діріл, климаттың өзгеруі оған қауіп төндіреді", - деді музей қызметкерлері.


Да Винчидің «Мона Лиза» картинасы екіге бөлініп қалуы мүмкін

ERNUR.KZ. Италиялық суретші Леонардо да Винчидің 500 жылдан асқан баға жетпес «Мона Лиза» картинасы сынған және қазір нашар күйде тұр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Картинаның бүлінуі Леонардо да Винчидің қайтыс болғанына 500 жыл толғанына арналған көрмеде байқалған.

«Сурет өте нәзік. Жарық тақтаның бүкіл бетінен өтіп, Мона Лизаның маңдайына жетті. Кез-келген қозғалыс, діріл, климаттың өзгеруі оған қауіп төндіреді. Ең қорқыныштысы оны бір жерден екінші жерге тасымалдау кезінде ол екіге бөлініп кетуі мүмкін», - деді музей қызметкерлері.

Өлшемі 76,8 × 53 см болатын сурет 1503-1505 жылдары терек тақтасына майлы бояумен салынған.

Сурет қазіргі уақытта Лувр муйзейінде арнайы залда тұр.