Данияда коронавируске қарсы барлық шектеу алып тасталды

0
1 075

Бұл Еуроодақта осындай қадамға барған алғашқы ел.


Данияда коронавируске қарсы барлық шектеу алып тасталды

ERNUR.KZ. Дания коронавирусқа қатысты барлық шектеуді алып тастады. Жергілікті ақпарат құралдары мұнда тұрғындардың бетпердесіз жүргенін хабарлады, деп жазады 24.kz.

1 қыркүйектен бері қоғамдық орындарда вакциналау төлқұжаты да талап етілмейді. Оны тек түнгі клубқа кіргенде сұрайтын еді. Енді ол да жоқ. Бүгін елде Еуропадағы ең ауқымды концерт өтуі тиіс. Оған 50 мыңдай адам қатысады. Биліктің мұндай қадамға баруына иммундаудың жоғары көрсеткіші түрткі болған.

Бүгінде Данияда жасы 12-ден асқан тұрғындардың 83 проценті екпенің қажетті екі дозасын да алып үлгірген. Дегенмен, сырттан келушілер вакцина салдырғанын растайтын құжат не ПТР-тесттің теріс нәтижесін көрсетуге міндетті. Мұнда тек әуежайда ғана бетпердесіз жүруге рұқсат жоқ.