Алдағы уақытта иммундық паспорт енгізілуі мүмкін.
ERNUR.KZ. ДДCҰ денсаулық саласындағы шұғыл бағдарламасының директоры Майкл Райан иммундық паспорт енгізуге қатысты өзгерістер болуы мүмкін екенін айтты, деп жазады Stan.kz.
"Егер сіз төтенше жағдай комитетінің халықаралық саяхатшыларға вакцинаны растау туралы ұсынысына қарасаңыз, онда әзірге болмайды деп жазылған. Бірақ бұл мәселе әлі де қарастырылатын болады. Алдағы уақытта иммундық паспорт енгізілуі мүмкін. Қазір бізде нақты деректер жоқ. Оған қоса, әлемде барлығы вакцинаға қол жеткізе алмайды. Вакцинаны тек әлеуметтік қызметкерлер мен денсаулығы нашар адамдар ғана ала алады", - дейді Райан.
Ол төтенше жағдайлар комитеті қазіргі уақытта адамдардың қозғалысына қосымша шектеулер енгізбейтінін айтты. Бұл вакцина пайда болғанға дейін жалғасады.
"Жағдай уақыт өте келе өзгереді, ал болашақта саяхатшының вакцина салдырғанын растау ережесі енгізілуі мүмкін", - деп қосты сарапшы.
Еске салсақ, осыған дейін дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирусқа қарсы вакцинация кезінде неге мән беру керек екенін айтқан.