Грузия парламентінің депутаты наразылық акциясы қатысушыларымен жанжалдасты.
ERNUR.KZ. "Грузия патриоттарының альянсы" оппозициялық партиясының депутаты Эмзара Квицианиді полиция алып кетті. Ол парламент алдында наразылық акциясын ұйымдастырушылармен жанжалдасқан, деп жазады Sputnik Қазақстан.
Бүгін Грузия парламенті жаңа үкіметті бекітеді. Оған бұған дейін ішкі істер министрі болған Георгий Гахария басшылық етеді. Жаз бойы осы мәселеге қатысты наразылық акциялары болған.
Грузияның бұрынғы премьер-министрі Мамука Бахтадзе өз еркімен отставкаға кеткен болатын.
Министрлердің дені өз орындарында қалады. Министрлер кабинетінің құрамы айтарлықтай өзгермейді. Грузияның мемлекеттік қауіпсіздік қызметінің басшысы Ішкі істер министрі болып тағайындалды. Ал бұрынғы премьер қорғаныс министрі болады.
Бұл күні Грузияда парламент алдында бірнеше наразылық акциясы өткен.