«Долфин» тайфуны: Токиода жүздеген әуе рейсі тоқтатылды

0
79

​Жапония астанасы Токиоға жақындап келе жатқан «Дуцзюань» қуатты тайфунына байланысты Ханэда және Нарита әуежайларында 460-тан астам әуе рейсі тоқтатылды.


«Долфин» тайфуны: Токиода жүздеген әуе рейсі тоқтатылды

ERNUR.KZ. Рейстердің басым бөлігі Ханэда әуежайында тоқтатылған. Мұнда 280-нен астам ішкі және шамамен 60 халықаралық рейс кейінге қалдырылды. Ал Нарита әуежайында 100-ден астам рейс, негізінен халықаралық бағыттар бойынша тоқтатылған, деп жазады baq.kz.

Қазір тайфунның эпицентрі Хонсю аралының Тынық мұхиты жағалауының орталық бөлігінен оңтүстікте орналасқан. Ол сағатына шамамен 25 шақырым жылдамдықпен солтүстік-шығыс бағытта жылжып келеді. Синоптиктердің болжауынша, тайфун дүйсенбі күні түстен кейін Идзу түбегіне, одан кейін Токио аймағына жетеді.

Мамандар нөсер жаңбыр, өзендердің арнасынан тасу және көшкін қаупі бар екенін ескертті. Тұрғындарға қажет болмаса, сыртқа шықпауға кеңес берілді. Токиоға іргелес Тиба префектурасының кейбір аудандарында тұрғындарға қауіпсіз жерге эвакуациялану жөнінде нұсқау берілді.

Кейбір аудандарда соңғы екі тәулікте жауын-шашын мөлшері 410 миллиметрден асқан. Синоптиктер алдағы уақытта жауын-шашын қарқыны сағатына шамамен 80 миллиметрге жетуі мүмкін екенін болжады.

Еске салайық, бұған дейін «Долфин» тайфунының салдарынан Шанхайдың екі негізгі әуежайында шамамен 1,4 мың әуе рейсі тоқтатылғаны туралы жаздық.

Сондай-ақ, биылғы 13-ші тайфун саналатын «Долфин» Қытайдың шығысындағы Чжэцзян провинциясында екінші рет құрлыққа шығып, жүздеген рейс тоқтатылды.