Дональд Трамп праймеризде жеңіске жетті

0
578

Ол АҚШ-тың 4 өңірінде жеңімпаз болып танылды.


Дональд Трамп праймеризде жеңіске жетті

ERNUR.KZ. АҚШ-тың экс-президенті Дональд Трамп Оңтүстік Каролинадағы республикалық праймеризде жеңіске жетіп, өзінің басты қарсыласы – БҰҰ-ның бұрынғы елшісі Никки Хейлиден озды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Трамптың жеңісі оның республикалық партиядан қатарынан үшінші номинацияға ие болу мүмкіндігін одан әрі нығайтты. Трамп Айова, Нью-Гэмпшир, Невада және АҚШ-тың Виргин аралдарында өткен барлық праймеризде жеңіске жетті.

Енді Никки Хейли жарыстан шығып қалу қаупіне тап болды.

«Мен Дональд Трамп Джо Байденді жеңе алады деп сенбеймін. Оңтүстік Каролинада, басқа өңірлерде де мен сайлауға түсуімді тоқтатпаймын. Мен сөзімде тұратын адаммын», - деді Хейли.

Трамп пен президент Джо Байденнің кездесуі Оңтүстік Каролинадағы алдын ала дауыс беруден кейін жиілей түсті.

«Мен ешқашан Республикалық партияны қазіргідей біртұтастығын көрген емеспін... Сіз жеңісті шамамен 15 минуттай тойлай аласыз, кейін біз жұмысқа қайта оралуымыз керек», – деді Трамп сайлау учаскелері жабылғаннан кейін сахнаға шығып.