Дүние жүзінде коронавирус жұқтырғандар саны 70 миллионнан асты

0
949

11 наурызда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жаңа COVID-19 коронавирус инфекциясын пандемия деп жариялаған болатын.​


Дүние жүзінде коронавирус жұқтырғандар саны 70 миллионнан асты

ERNUR.KZ. Дүние жүзінде COVID-19 жұқтырғандар саны 70 миллионнан асты. Бұл туралы америкалық Джонс Хопкинс университеті мәлім етті, деп жазады tengrinews.kz.

Университет мәліметінше, 12 желтоқсандағы жағдай бойынша дүние жүзінде 70 000 538 адам коронавирус жұқтырған. Олардың 1,5 миллионнан астамы қайтыс болған. 45 миллионнан аса адам аурудан жазылған.

11 наурызда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жаңа COVID-19 коронавирус инфекциясын пандемия деп жариялаған болатын.