Дүниежүзілік мұхиттар көк түстен жасыл реңкке өзгеріп жатыр (фото)

0
674

Спутниктік деректер соңғы 20 жылда дүниежүзілік мұхит бетінің 56 пайыздан астамы көк түстен жасылға өзгергенін көрсетеді.


Дүниежүзілік мұхиттар көк түстен жасыл реңкке өзгеріп жатыр (фото)

ERNUR.KZ. Ғалымдар NASA спутниктік суреттерінен мұхит түсі көктен жасылға өзгеріп жатқанын байқады, деп жазады stan.kz.

Құбылыстың нақты себебі белгісіз. Ғалымдардың айтуынша бұл климаттық дағдарысқа байланысты болуы мүмкін.

Спутниктік деректер соңғы 20 жылда дүниежүзілік мұхит бетінің 56 пайыздан астамы көк түстен жасылға өзгергенін көрсетеді. Түсін өзгерткен су бетінің ауданы бүкіл жердің ауданынан үлкен екені айтылды. Өзгерістер әсіресе экваторға жақын тропикалық аймақтарда байқалады, дейді дереккөз.

Саутгемптондағы (Ұлыбритания) Ұлттық мұхиттану орталығының зерттеушілері NASA мәліметтерін талдап, жасыл түс климаттың өзгеруіне байланысты су асты экожүйелерінің өзгеруінің белгісі деп санайды.

Ғалымдардың пікірінше, бұл өзгерістер қоректік тізбектердің көпшілігінің негізін құрайтын тірі тіршілік иелерімен - фитопланктонмен байланысты. Бұл организмдер біз дем алатын оттегінің көп бөлігін өндіруде және атмосфераны тұрақтандыруда маңызды рөл атқарады. Жасыл аймақтарда фитопланктондардың белсенділігі жоғары.

"Климаттың өзгеруінің салдары жер бетіндегі теңіз микробтық экожүйесінде қазірдің өзінде сезілуде", - делінген зерттеуде.

Бұл теория әлі 100% расталған жоқ. Мұхиттың өзгеретін түстерін тереңірек зерттеу үшін NASA "Pace" миссиясын 2024 жылдың қаңтарында іске қосуды жоспарлап отыр. Бірақ зерттеу жұмыстары 40 жылдан көп уақыт жүргізілуі керек дейді мамандар.