Джереми Хант Ұлыбританияның сыртқы істер министрі болып тағайындалды

0
1 008

Бұған дейін ол денсаулық сақтау министрі болып қызмет кеткен.


Джереми Хант Ұлыбританияның сыртқы істер министрі болып тағайындалды

Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, II Елизавета патшайымы Хантты бұл лауазымға қуана-қуана бекіткен деп хабарлайды ERNUR.KZ 24.kz сайтына сілтеме жасап.

Естеріңізге сала кетейік, осы қызметті атқарған Борис Джонсон отставкаға кеткен болатын. Патшалықтың премьер-министрі Тереза Мэй саясаткердің жақсы жұмыс істегенін айтып, алғысын білдіріп шығарып салды.

Осыған дейін Ұлыбританияның Брексит бойынша экс-министрі Дэвид Дэвис те отставкаға кеткен. Сонымен қатар парламент мүшелері Стив Бейкер мен Суэлла Браверман да жұмыстан шықты. Бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметінше, олар Ұлыбританияның Еуроодақ құрамынан шығуына қатысты дау-дамай төңірегіндегі мәселелер мен премьер-министр Тереза Мэймен келіспеушіліктер үшін қызметтерінен кетті.