ЕАЭО мен Пәкістан еркін сауда туралы келісім жасауға ниетті

0
109

ЕЭК министрі Пәкістанды Оңтүстік Азия өңіріндегі перспективалы серіктестердің бірі деп атады.


ЕАЭО мен Пәкістан еркін сауда туралы келісім жасауға ниетті

© Photo : Пресс-служба ЕЭК

ERNUR.KZ. Мәскеуде Еуразиялық экономикалық комиссияның сауда министрі Андрей Слепнев пен Пәкістанның федералдық сауда министрі Джам Камал Хан кездесті, деп жазады sputnik.kz.
Еуразиялық экономикалық одақ және оған мүше мемлекеттер Оңтүстік Азия елдерімен өзара тиімді қарым-қатынасты дамытуға үлкен мән береді, деп атап өтті Слепнев.
"Біз Пәкістанды өңірдегі перспективалы серіктестердің бірі ретінде қарастырамыз: елдеріміз арасындағы сауда қарқынды дамып келеді және оны кеңейту үшін айтарлықтай әлеуетке ие", – деді ЕЭК министрі.
Тараптар еркін сауда туралы келісім жасасудың тиімділігін зерделеу үшін бірлескен зерттеу тобын құру үдерісін бастауға келісті.
"Пәкістан үшін ЕАЭО-мен ынтымақтастықты тереңдету сауда мүмкіндіктерін кеңейтіп қана қоймай, сонымен қатар логистика, энергетика, цифрлық сауда, өнеркәсіп және жеткізу тізбектерін интеграциялау сияқты салаларда стратегиялық әріптестік орнатуды білдіреді", – деп атап өтті Джам Камал Хан.