Екі баласын құшақтаған әкесі жоғары қабаттан секіріп кетті

0
1 040

Облыстық денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, ер адам мен балалардың бірі оқиға орнында қайтыс болған.


Екі баласын құшақтаған әкесі жоғары қабаттан секіріп кетті

ERNUR.KZ. Саратов қаласындағы көпқабатты үйден екі баласын құшақтап, ер адам секіріп кетті, деп жазады Skifnews.kz.

«Қазіргі уақытта ер адам мен екі баланың көп қабатты ғимараттың биіктігінен құлағаны белгілі. Біздің қызметкерлер оқиға орнында жұмыс істеп жатыр, барлық жағдайлар анықталуда», - деді ТАСС агенттігіні.

Облыстық денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, ер адам мен балалардың бірі оқиға орнында қайтыс болған. Яғни, тек бір бала аман қалған.

«Бала ауыр жағдайда ауруханаға түсті», - деді ақпарат көзі.

Өңірдегі балалар құқықтары жөніндегі уәкіл Татьяна Загородная ер адам екі баланың әкесі екенін айтты.

Алдын ала анықталған мәліметтер бойынша, ер адам балалардың әкесі. Балалардың бірі – бір жасар ұл, екіншісі - төрт жасар қыз бала деді Загородная.

Ол барлық жағдайлар әлі де анықталатынын, омбудсмен жағдайды өзінің жеке бақылауына алғанын айтты.