Экваторлық Гвинеядағы жойқын жарылыстардан 98 адам қаза болды

0
2 493

Бұл ел тарихындағы ең үлкен жарылыстардың бірі.


Экваторлық Гвинеядағы жойқын жарылыстардан 98 адам қаза болды

ERNUR.KZ. Экваторлық Гвинеядағы әскери базадағы жарылыстар салдарынан қаза тапқандар саны 98-ге жетті, кем дегенде 615 адам зардап шекті. Бұл туралы елдің вице-президенті Теодор Нгема Обианга Манге мәлімдеді, деп жазады Tengrinews.kz.

Бұған дейін 30 адам қаза тапқаны, зардап шеккендер саны 500-ден асқаны хабарланған болатын. 7 наурызда Бата қаласында бірқатар жойқын жарылыс болды. Бұл ел тарихындағы ең үлкен жарылыстардың бірі. Салдарынан барлық дерлік тұрғын үй құрылысы бүлінді немесе мүлде қирап қалды.

Президент Теодоро Обиан Нгема Мбасого Бата қаласындағы әскери базадағы жарылыстарға әскери қызметшілердің "немқұрайдылығы" және қоймаларының жанында от жаққан фермерлердің ұқыпсыздығы себеп болғанын айтты.

Айта кетейік, алғашқы жарылыс болған әскери лагерь аумағында арнайы күштер мен әскерилендірілген жандармерия орналасқан.