Еден жуушының шелегін тепкен: Ақтауда мектеп басшысының әйеліне айыппұл салынды

0
93

Онымен қоймай, былапыт сөйлеп, жәбірленушіні қорлаған.


Еден жуушының шелегін тепкен: Ақтауда мектеп басшысының әйеліне айыппұл салынды

фото: Sputnik / Абзал Калиев

ERNUR.KZ. Ақтауда еден жуушының шелегін теуіп жіберген мектеп басшысының әйеліне айыппұл салынды, деп жазады sputnik.kz.
Бұған дейін әлеуметтік желіде осы оқиғаның видеосы тараған болатын. Ал білім басқармасы видеоның "Тұлпар" мектеп-лицейінде түсірілгенін растады.
Сот материалдарына сәйкес, қазан айында жәбірленуші тазалық жұмыстарын жүргізіп жатқанда сотталушы қасақана шелекті аяғымен теуіп жіберген. Шелек аударылып, су төгілген. Онымен қоймай, былапыт сөйлеп, жәбірленушіні қорлаған.
Сот отырысында құқық бұзушы өз кінәсін мойындады. Бірақ былапыт сөз айтпадым дейді. Ашу үстінде шелекті ғана теуіп жібергенін айтты. Оның әрекеті ұсақ бұзақылық ретінде бағаланды.
Судья шелекті теуіп жіберген әйелді 86 500 теңге айыппұл төлеуге міндеттеді.
Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Айта кетері, "Тұлпар" және "Ақтау Зияткерлік мектебі" жеке меншік мектептердің құрылтайшысы Халеф Челик видеода өз әйелінің болғанын растады.