Сәби 21 аптада дүниеге келген.
ERNUR.KZ. Салмағы 283 грамм болып туған сәби тірі қалып, рекорд жаңартты, деп жазады baq.kz.
Сәби 21 аптада дүниеге келген. Ол шала туып, тірі қалған нәресте ретінде әлем рекордын жаңартты.
Нэш Кин 2024 жылғы 5 шілдеде Айова штатының Айова-Сити қаласында дүниеге келген. Ол шамамен 19 аптаға ерте туған. Салмағы небәрі 283 грамм (10 унция) болған.
Сәби туғаннан кейінгі алғашқы алты айын Айова университетінің Stead Family балалар ауруханасындағы жаңа туған нәрестелердің жансақтау бөлімінде өткізген.
Ал 2025 жылдың қаңтарында балақай ата-анасы Молли мен Рэндалл Кинмен бірге үйіне жіберілді.
Батыр бала осы айда өзінің алғашқы туған күнін атап өтті. Нэш шала туып, тірі қалған ең кішкентай нәресте ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енді. Арнайы ресми сертификат алды.
Ол 2020 жылы Алабама штатында туған алдыңғы рекорд иесін бір күнге озды.
Нэштің мінезі өте ерекше. Ол көңілді сәби. Жаңа туған нәрестелердің жансақтау бөлімінде ұзақ уақыт жатқан соң, әлсіздеу болады деп ойлар едіңіз. Бірақ олай емес. Ол өте табанды, әр нәрсеге қызығушылығы басым, - дейді нәрестенің анасы Молли Кин.
Дәрігерлерінің айтуынша, Нэштің бойында шала туған сәбилерге тән кейбір асқынулар мен даму кешігулері байқалғанымен, оның жағдайы медицина күткеннен де жақсы өрбіп келеді. 1 жастан асқан Нэш әлі де тыныс алу үшін оттегімен қамтамасыз етіледі. Зонд арқылы тамақтанады. Қазіргі таңда сәби езілген тағамдарды байқап көруге дайындалып жатыр.
Сонымен қатар, жүрегінде жеңіл ақау бар, бірақ бұл уақыт өте келе өздігінен түзеледі деп сенеіміз дейді ақ халаттылар.
Ол қазір екі аяғынан тік тұруды үйреніп жүр. Бұл керемет нәтиже, - дейді сәбидің анасы.