Оқыс оқиғадан кейін ол қашып кеткен.
Фото: depositphotos.com
ERNUR.KZ. Ресейдің Екатеринбург қаласында ер адам бір жарым айлық немересін ұрып өлтірді, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Мәліметке сүйенсек, жұмысынан шаршап келген Дмитрий Кичинді түн ортасында қатты жылаған сәбидің дауысы ашуландырған. Баланың дауысына шыдамаған ол көтеріп алып, басын қабырғаға бірнеше рет ұрған. Нәресте сол жерде шетінеп кетті.
Оқыс оқиғадан кейін ол қашып кеткен. Оның есірткі шегіп алған болуы мүмкін деген де болжам бар.
Полиция күдіктіні ұстап, уақытша қамау изоляторына жеткізді. Күдікті бұрын сотты болған.