Өзбекстанда көп әйел алуға тыйым салынған.
ERNUR.KZ. Өзбекстанда тұрғын екінші әйел алғаны үшін бір жыл бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды ktk.kz.
Бұл елде көп әйел алғандар қылмыстық кодекспен жазаланады. Жергілікті басылымдардың жазуынша, екі баласы мен әйелі бар ер адам 2016 жылы діни жолмен тағы бір әйелге үйленген. Екі әйел алған адам сот кезінде “заңды некедегі әйелі ауырып, оған ұл туып бере алмайтын жағдайға түскенін, сондықтан екінші әйел алғанын” айтқан.
Басылымдар ер адамның екінші әйелі 2018 жылы өмірге ұл әкелген. Сот отырысында ер адам өз айыбын мойындайтынын, бірақ бірінші отбасына да қажетті жағдай жасап отырғанын жеткізген. Өзбекстанда көп әйел алуға тыйым салынған.