Эр-Рияд әуежайы хуситтер шабуылынан кейін жұмысын қайта бастады

0
94


Эр-Рияд әуежайы хуситтер шабуылынан кейін жұмысын қайта бастады

Фото: Anadolu

ERNUR.KZ. Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласындағы Король Халид халықаралық әуежайы ұшулар тоқтатылғаннан кейін екі аптадан соң жұмысын ішінара жандандырды, деп жазады inform.kz.

Бұған дейін әуе қатынасы Йемендегі хуситтердің шабуылынан кейін тоқтатылған еді.

Ақпаратқа сәйкес, № 1 терминал ішкі рейстерді қайта қабылдай бастады. Ал № 2 терминал Сауд Арабиясының әуе компанияларының халықаралық рейстеріне қызмет көрсетіп жатыр.

Әуежайдың жұмысы әзірге толық қалпына келген жоқ.

Синьхуа агенттігінің мәліметінше, қазір хуситтер мен Сауд Арабиясы бастаған коалиция шабуылды жалғастырып жатыр.

Бұған дейін Эр-Рияд әуежайына шабуыл жасалып, салдарынан 12 адам қаза тауып, 300-ден астам адам жараланғанын хабарлаған болатынбыз.

Айта кетейік, халықаралық әуежайға жасалған шабуылдардан кейін бірнеше араб елінің әуе компаниялары бұл мемлекетке қатынайтын рейстерін уақытша тоқтатты. Әуежай да ұшақтарға қызмет көрсетуді уақытша кейінге қалдырды.