UFC Қазақстанда турнир өткізуді жоспарлап отыр

0
77

UFC президенті Дана Уайт ұйымның Қазақстанда турнир өткізу мәселесі бойынша жұмыс жүргізіп жатқанын мәлімдеді.


UFC Қазақстанда турнир өткізуді жоспарлап отыр

Фото: Жасанды интеллект көмегімен жасалды

ERNUR.KZ. Бұл туралы әлемдік MMA және UFC саласында танымал, беделді спорт журналистерінің бірі Аарон Бронстетер X әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды, деп жазады inbusiness.kz.

"White says that they are working on a future event in Kazakhstan" ("Уайт Қазақстанда болашақта турнир өткізу бойынша жұмыс жүргізіліп жатқанын айтты"), – деп жазды ол.

Аталған мәлімдеме UFC 333 турнирінен кейін Абу-Дабиде өткен баспасөз мәслихатында жасалған.

Журналистер Қазақстанда UFC турнирі қашан өтетінін сұрағанда, Дана Уайт: "Жақын арада. Біз осы бағытта жұмыс істеп жатырмыз", – деп жауап берген.

Әзірге турнирдің нақты күні, өтетін қаласы және қатысушылар құрамы жарияланған жоқ.