Ешбір байланыссыз коронавирус жұқтырудың әдісі анықталды

0
1 847

​Ғалымдар бір үйде тұрғанымен ешқашан байланысқа түспеген, бірақ коронавирус жұқтырған тұрғындарға зерттеу жүргізді.


Ешбір байланыссыз коронавирус жұқтырудың әдісі анықталды

ERNUR.KZ. Оңтүстіккореялық зерттеушілер көпқабатты үйлердің тұрғындары коронавирусты желдету арқылы жұқтыруы мүмкін деген тұжырым жасады, деп жазады Sputnik Қазақстан.

Ғалымдар жүргізген зерттеу барысында бір үйдің әртүрлі қабатында тұратын адамдар ешбір байланыссыз-ақ COVID-19 жұқтырғанын анықтады.

Олар тұрғын үйдің алтыншы қабатында тұратын әйелден, содан кейін оның отбасынан коронавирус табылғанын анықтады. Көп уақыт өтпей вирусты төртінші, оныншы және 11-қабат тұрғындары жұқтырды.

Бір қызығы індет жұқтырғандардың барлығы ешқашан бір-бірімен байланыста болмаған. Ал пәтерден тыс жерде үнемі бетперде тағып, қорғанып жүрген. Тіпті, олардың арасында екі адам тұрғын үйде ешқашан лифт қолданбаған көрінеді. Солай бола тұра, індет жұқтырған.

Осыдан кейін ғалымдар барлық пәтерлердегі жалпы желдету адамдардың инфекция жұқтыруының себебі болды деген қорытындыға келді. Вирус жуынатын бөлмедегі желдеткіш арқылы берілуі мүмкін дейді олар.