Өлім жазасына кесілгендер есірткі жасау, тасымалдау және саудалау бойынша айыпталған.
иллюстрациялық фото: fishki.net
ERNUR.KZ. Қытайдың Шаньвэй қаласының соты есіркі тасымалдаумен айыпталып түрмеге түскен 10 қылмыскерді өлім жазасына кесті, деп жазады ca-news.org.
Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, үкім шығарылған күні-ақ іске асырылған. Өлім жазасына кесілгендер есірткі жасау, тасымалдау және саудалау бойынша айыпталған.
«Сот үкімі оқылған соң қылмыскерлер бірден жаза кесу орнына апарылып, үкім орындалды», делінген сот хабарламасында.