Еуропалық ғалымдар адамның терісін безеуден қорғайтын бактерия ойлап тапты

0
795

Ғалымдардың айтуынша мұндай әдіспен безеуді ғана емес, басқа да ауруларды емдеуге болады.


Еуропалық ғалымдар адамның терісін безеуден қорғайтын бактерия ойлап тапты

ERNUR.KZ. Еуропалық зерттеушілер адам терісін безеу және шаш фолликуласының қабынуымен байланысты басқа да тері бөртпелерінің пайда болуынан қорғайтын микробтардың жаңа штамын ойлап тапты, деп жазады inform.kz.

«Біз бөртпе мен безеулерді емдеуге жергілікті терапияны жасау үшін табиғаттың өзі ойлап тапқанын қолдандық. Біз теріміз қажет ететін молекулаларды тудыратын тері бактериясын түрлендірдік. Осындай әдіспен безеуді ғана емес, басқа да ауруларды емдеуге болады», - деді Барселонадағы Пумпеу Фабра атындағы испан университетінің ғылыми қызметкері Настасия Кнедльездер.

Еуропалық молекулярлық биологтар бұл микробтарды безеу мен бөртпелердің пайда болуына, өршуіне жол бермеу үшін жасауға болады деп болжайды. Ол үшін Cutibacterium acnes геномын осы микробтар май бездерінің белсенділігін төмендететін NGAL ақуызын өндіріп, қоршаған ортаға шығара бастайтындай етіп өзгерту керек. Нәтижесінде шаш фолликулаларының ішіндегі басқа микробтар айтарлықтай азаяды, ал ол өз кезегінде қабынудың дамуына жол бермейді.