Франция астанасында велосипед такси қызметі іске қосылды

0
530

Әзірге такси тек демалыс күндері жұмыс істейді.


Франция астанасында велосипед такси қызметі іске қосылды

ERNUR.KZ. Парижде Heetch Bike - жаңа такси қызметі іске қосылды. Кабиналары бар велосипедтер жолаушыларды қала ішінде тасымалдайды, деп жазады tengritravel.kz.

The Mayor сайтының мәліметіне сәйкес компания "Парижде әдеттегі таксиге қарағанда 40 пайызға жылдам және 20 пайызға арзан жүруге болады" деп уәде еткен.

Heetch Bike Франция астанасында велосипедке деген сұраныстың артуына сенім артып отыр. Эйфель мұнарасында үлкен жаяу жүргіншілер аймағы ашылғаннан кейін бұл қызмет одан сайын танымалдыққа ие болды.

Компания жолаушылар велосипед таксиінде өздерін қауіпсіз және жайлы сезінеді деп сендіреді.

Кабиналардың орындықтары жылытатын құрылғымен жарақтандырылыған. Сондай-ақ кабинаға жел кірмейді, жаңбыр тимейтін көрінеді.

Әзірге такси тек демалыс күндері жұмыс істейді. Егер сынақ кезеңінен сәтті өтетін болса, ол тәулік бойы жұмыс істей алады.