​Францияда болған өрттен 110 адам зардап шекті

0
108

Өрт Мариньян мен Марсель әуежайларын жалғайтын А552 автомагистралінде пайда болды.


​Францияда болған өрттен 110 адам зардап шекті
Фото: EPA


ERNUR.KZ. Францияның оңтүстігіндегі ірі қаланың маңында болған алапат өрттен 110 адам жарақат алды. Өртті сөндіруге 700-ден астам өрт сөндіруші тартылды, деп жазады inform.kz.

Өрт Мариньян мен Марсель әуежайларын жалғайтын А552 автомагистралінде пайда болды. Бірнеше сағаттан соң күннің ыстығы мен құрғақ шөп салдарынан өрт Марсельдің солтүстігіне жайыла бастады.

Қою түтін Фоке қаласына жетті, онда 16-шы округ тұрғындарына көшеге шықпау туралы ескерту жасалды.
-Түтін үйге кірмеуі үшін есік-терезелерді мықтап бекітіп, тесіктерді сулы шүберекпен бітеп тастау керек, - деп хабарлады Буш-дю-Рон префектурасы Х әлеуметтік желісінде.
Жергілікті уақыт бойынша сағат 17:30-да Марсельге жеткен өрт 700 гектардан астам аумақты шарпыды. Жалын тез жайылып, Францияның оңтүстігіндегі қаланың солтүстігіне қауіп төндірді.
Буш-дю-Рон департаментінің префекті Жорж-Франсуа Леклерк бүгін материалдық және адам шығынын кешенді бағалау жүргізілетінін мәлімдеді, себебі қазіргі уақытта кемінде 70 үйге зақым келген, соның ішінде 10 үй толығымен қираған. Шамамен 110 адам жеңіл жарақат алғаны хабарланды.
Баспасөз конференциясы барысында билік өкілі өрттің бәсеңдеп келе жатқанын айтты.
«Алайда ол әлі толық бақылауға алынған жоқ, жаңа өрт ошақтарының пайда болуы мүмкін», — деді ол.
- Жүздеген өрт сөндіруші жалынмен арпаласты. Бау-бақшалар мен орманда да кішігірім өрттер пайда болып жатыр. Енді өрттен мүмкіндігінше көп үйді аман алып қалу үшін күрес жүріп жатыр. Біздің өрт сөндірушілер жүздеген үйді құтқарды. Олар үйлердің маңындағы өрттерді сөндіруге тырысып жатыр. Нақтырақ қорытынды мәліметтер алдағы сағаттарда дайын болады. Абырой болғанда, құрбан болғандар жоқ, - деді маресль мэрі Бенуа Пайан BFMTV эфирінде.
Өртті сөндіруге 700 өрт сөндіруші жұмылдырылды, аспанда 5 бомабалушы ұшақ пен 4 Canadair ұшақтары жүр.