Осылайша ол бірінші сыныптағы оқушы санын арттырған.
иллюстрациялық фото: ашықдереккөзден
ERNUR.KZ. Францияда 15 қой мектепке қабылданды, деп жазады kaztrk.kz.
Альпі тауының етегінде орналасқан шағын ауылдың мектебіне оқушылар жетіспейді. Осыны желеу еткен білім ордасының басшылығы бір сыныпты жауып, балғындарды өзге сыныптарға топтастырмақ болған.
35-40 оқушының бір бөлмеде оқуы олардың білім алуына кері әсер етеді деген ата-аналар наразылық шарасын ұйымдастырды. Мектеп басшылығына сападан гөрі сан маңызды екенін ескерген бір қойшы 65 қойын айдап, мектептің ауласына кіргізген.
Бір қызығы, бұл идеяны жүзеге асыру үшін әр қойға есім беруге тура келген. Қойларын мектепке айдап әкелген фермер қала басшысына малының туу туралы куәлігін де ұсынған екен.
Соте-Мутон, Панург деп аталатын кәдімгі төлқұжаты бар 15 қой мектептегі оқушылар тізімін толықтырып, ресми қабылданды. Бала санын малмен толтырған көпшілік енді сыныпты жаппайды деген үмітте.