Франциялық мұғалімді бауыздаған Анзоров Шешенстанда сый-құрметпен жерленді

0
975

Мұғалім сөз бостандығы тақырыбына арналған сабақта Charlie Hebdo журналындағы Мұхамед пайғамбардың карикатурасын көрсеткен.


Франциялық мұғалімді бауыздаған Анзоров Шешенстанда сый-құрметпен жерленді

ERNUR.KZ. Baza Telegram-каналының мәліметінше, Шешенстанның Урус-Мартанов ауданында Шешенстан тумасы Аюдуллак Анзоров сый-құрметпен жерленген. Ол Францияда мұғалімнің басын кесіп алған еді, деп жазады Tengrinews.kz.

Еске салайық, 16 қазанда Париж іргесінде тарих және география пәнінің мұғалімі Самуэль Пати бауыздалған еді, ол мұның алдында сөз бостандығы тақырыбына арналған сабақта Charlie Hebdo журналындағы Мұхамед пайғамбардың карикатурасын көрсеткен.

Күдікті ұстау кезінде "Аллаху акбар!" деп айғайлаған, полицейлер оның көзін жойған. Кейін оның Ресей азаматы екені, ұлты шешен екен белгілі болды. 18 жастағы Абдуллак Анзоров Францияда босқын мәртебесін алғаны да анықталды.

Сенбіде, 5 желтоқсанда Анзоровтың денесі Шешенстанға жеткізілген. Оны ақтық сапарға шығарып салуға жалпы 200 адам жиналған - Анозоровтар әулетінің туыстары мен жақындары.

Жергілікті билік жерлеу рәсімі өткен ауылда қауіпсіздік шараларын қабылдап, ауыл маңына тәртіп сақтау үшін 65 полицейді қойған.

Telegram-канал жариялаған видеода маска таққан бір топ адам шешен тілінде ұран сөз айтып келе жатады.

Шешенстан билігіне оппозиция саналатын 1ADAT Telegram-каналының мәліметінше, Анзоров Шалажи ауылында жерленген. Ондағы мәлімет бойынша, полицейлер бұл жерлеу рәсімін видеоға түсіртпеген, бөтен адамдардың келуіне тыйым салынған.