Токио электр компаниясы 2024 жылға дейін 31мың тоннадан астам суды мұхитқа ағызуды жоспарлап отыр.
ERNUR.KZ. Жапония «Фукусима-1» атом электр станциясындағы судың үшінші бөлігін мұхитқа төге бастады, деп жазады baq.kz.
Ол 2011 жылғы цунамиден кейін зақымданған реакторларды суыту үшін қолданылған.
Мамандардың айтуынша, 17 күн ішінде 7800 тоннасы жіберіледі. Токио электр компаниясы 2024 жылға дейін 31мың тоннадан астам суды мұхитқа ағызуды жоспарлап отыр. Мұнда 1 миллион тоннадан астам су сақталған.