17 шілдеде Канада жөнделген Siemens газ турбинасын Германияға берген, бұл әрекеті белсенділердің наразылығын туғызған. Өйткені Германия бұл турбинаны Ресейге беру үшін сұратқан еді.
ERNUR.KZ. Ресейдің "Газпром" компаниясы "өздеріне мүлде қатысы жоқ себептерге байланысты" газды уақытылы жетізіп беретініне кепілдік бере алмайтыны туралы Еуропадағы клиенттеріне хабарлады, деп жазады azattyq.org.
Әңгіме Германия мен оның төңірегіне газ айдайтын "Солтүстік ағым - 1" құбыры туралы болып отыр. Агенттік мәліметіне қарағанда, "Газпром" хаты осыдан төрт күн бұрын келген, алайда онда 14 маусымнан бергі газ жөнінде сөз болған.
Energy Aspects Тревор консалтинг компаниясының өкілі Сикорскидің сөзіне қарағанда, форс-мажор туралы хабарландырудың өткен күнмен белгіленгені - "Газпромның" 21 шілдеде "Солтүстік ағым - 1" құбыры арқылы газды қайта айдауды жоспарлап отырмағанын білдіреді. 21 шілдеде аталған газ құбырының жоспарлы жөндеу жұмыстары аяқталуға тиіс болатын.
Хат алғандардың бірі – Ресей газын Германияға импорттайтын Uniper компаниясы. Бұл компания "Газпромның" мәлімдемесі негізсіз деп, ресми түрде қайтарып тастағанын хабарлады. Германияның электр энергиясын өндіретін аса ірі RWE компаниясы да форс-мажор туралы ескерту алғандардың бірі.
Алайда Австрияның OMW мұнай-газ тобы "Солтүстік ағым - 1" құбыры жоспарлы уақытында іске қосылады деп үміттенетінін білдірген.
Еуропа билігі Ресей санкцияны алдыру үшін өзге елдерге де газбен шантаж жасауы мүмкін деп қауіптенеді. Мәскеу ондай ойымыз жоқ деп отыр.
19 маусымнан бастап "Газпром" "Солтүстік ағым - 1" құбыры арқылы газ айдауды 60 пайызға азайтып, ол әрекетін санкцияға байланысты Канадада тұрып қалған газ айдайтын агрегатпен байланыстырған.
11 шілдеде "Солтүстік ағым-1" құбыры "жоспарлы жөндеу жұмыстарына байланысты" тоқтаған.
17 шілдеде Канада жөнделген Siemens газ турбинасын Германияға берген, бұл әрекеті белсенділердің наразылығын туғызған. Өйткені Германия бұл турбинаны Ресейге беру үшін сұратқан еді.