Германия Ауғанстан азаматтарын жаппай депортациялап жатыр

0
67

Қазіргі Германия үкіметі тұсында елден шығарылған Ауғанстан азаматтарының саны 228 адамға жетті.


Германия Ауғанстан азаматтарын жаппай депортациялап жатыр

Фото: Sebastian Willnow/dpa/picture alliance

ERNUR.KZ. Германия билігі Лейпциг/Галле әуежайынан Кабулға чартерлік рейспен Ауғанстанның 23 азаматын депортациялады, деп жазады inform.kz.

Германия Ішкі істер министрлігінің X әлеуметтік желісіндегі мәліметінше, елден шығарылғандардың басым бөлігі ауыр қылмыстар, соның ішінде сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық пен дене жарақатын салғаны үшін сотталған.

Министрлік өкілі AFP агенттігіне қалған депортацияланған азаматтардың да бұған дейін құқық қорғау органдарының назарына іліккенін айтты. Елден шығару рәсімі толығымен аяқталған.

25 тамыздағы рейсті есепке алғанда, қазіргі Германия үкіметі тұсында елден шығарылған Ауғанстан азаматтарының саны 228 адамға жетті.

– Қоғамымыз қылмыс жасаған адамдардың елімізден кеткеніне мүдделі. Германияда тұруға құқығы жоқ әрбір адам елден кетуге тура келуі мүмкін екенін түсінуі керек. Біз бұл саясатты дәйекті түрде жүргізіп келеміз, – деді Германия Ішкі істер министрі Александер Добриндт.

Депортациядан бір күн бұрын Лейпциг/Галле әуежайында бұл шараға қарсы акция өткен.

«Депортацияға қарсы альянс» өкілі Кай Адиль Ауғанстаннан Германияға пана іздеп келген адамдардың Талибан билігіне қайтарылып жатқанын сынға алды. Оның айтуынша, елге қайтарылғандарға оқшаулану, азаптау немесе өлім қаупі төнуі мүмкін.