Германия көмір өндіруді тоқтатты

0
1 199

Былтыр соңғы шахта жабылған еді.


Германия көмір өндіруді тоқтатты

ERNUR.KZ. Өткен ғасырдың 60 жылдарында елде 146 шахта болса, 2000- жылдардың басында тек 12 көмір кеніші қалған еді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ал былтыр соңғы шахта жабылды. Енді отынның бұл түрі өзге елдерден жеткізіледі. Көмір өндірісінің жабылуына бірнеше себеп бар. Біріншіден, оны жұмыс күші арзан өзге елдерден сатып алу тиімдірек. Екіншіден, Германияда жасыл энергетикаға басымдық беріліп отыр. Мәселен, биыл бірінші жартыжылдықта елдегі жаңғыртылатын қуат көздерінің үлесі 47,3% асқан. Яғни алғаш рет елдегі жасыл энергетика көмір мен атом электр стансаларынан асып түскен. Үкімет 2050 жылға дейін жаңғыртылатын қуат көздерінің үлесін 80% дейін жеткізуді жоспарлап отыр. Ал жиырма жылдан кейін Германияда көмір жағатын барлық электростансалар жабылады.

«Климатты қорғау» Заңы аясында Германия жуық арада көмір жағатын электростансалардан бас тартуды көздеп отыр. Атом электростансалары бойынша мәселе шешілді, бірнеше жылдан кейін оның барлығы жұмысын тоқтатады. Жасыл энергетикаға келетін болсақ, жүйедегі қуаттың 40% астамы жаңғыртылатын энергия көздерінен өндірілген, - дейді жаңғыртылатын энергия бойынша федералдық одақ президенті Симоне Петер.