Ғаламның шегі анықталды

0
1 063

Ғалымдар түнек энергиясы жоқ деген шешімге Казимир эффектісіне сүйене отырып келген.


Ғаламның шегі анықталды

ERNUR.KZ. Ресейдің Иммануил Кант атындағы Балтиялық федералды зерттеу орталығының мамандары ғаламның шегін тауып, түнек энергиясының жоқтығын дәлелдеді, деп жазады Stan.kz.

Ғалымдар түнек энергиясы жоқ деген шешімге Казимир эффектісіне сүйене отырып келген. Айтуларынша, вакуумдағы фотондар энергия бар секілді құбылады екен. Дегенмен қысымның төмендігіне байланысты бұл жерде ешқандай қуат көзі жоқ екен.

Физиктердің сөздерінше, ғаламда осыған ұқсас құбылыс пайда болады. Яғни олар ғаламның шегінің жоқтығы тек қана алдамшы көріністер екендігін айтады. Ғарыштағы материялар сан құбылатындықтан, жаратылыстың шегі жоқ секілді көрінеді.

Атап кетерлік жайт, Казимир эффектісі деп зарядтары қарама-қарсы кванттық денелердің бір-біріне тартылу күшін атаймыз. Бұл эффектінің пайда болуның негізгі себебі вакуумдағы бөлшектердің бірде көрініп, бірде жоғалып кетуінен туындаған энергетикалық құбылыс болып табылады.