Ғалымдар бес ай бойы COVID-19 тасушысы болған адамды анықтады

0
633

Наурыз айында COVID-19 белгілері пайда болған әйел үй карантиніне алынған. Сөйтіп бес айдан кейін ғана жұмысқа қайта оралған.


Ғалымдар бес ай бойы COVID-19 тасушысы болған адамды анықтады

ERNUR.KZ. Бразилияда бес ай бойы COVID-19 тасушысы болған адам анықталды, деп жазады kaz.nur.kz.

Бұл жайт туралы деректерді Рио-де-Жанейро Федералды университетінің молекулярлық вирусология зертханасы ұсынған.

Латын Америкасының тұрғыны 152 күн бойы COVID-19 инфекциясын тасушы болған. Әйел адамда ауру белгілері байқалмаған. Дегенмен ол вирусты басқаларға да жұқтырған болуы мүмкін.


"Бұл пандемияның таралуында ауру белгілерінің болмауы қандай рөл атқаратынының айғағы", – деп жазады басылым.


Есімін жасырған науқас денсаулық сақтау саласында жұмыс істейді. Наурызда әйелде жеңіл COVID-19 белгілері пайда болған. Осыдан кейін ол үй карантиніне алынған. Сөйтіп бес айдан кейін ғана жұмысқа қайта оралған.

Зерттеушілер 3000 адамға молекулалық сынақтар жүргізді, олардың кейбіреулері ешқандай ауру белгілерін сезбесе де, бірнеше күн бойы вирусты тасып жүрген.