Гималайдағы жойқын су тасқынынан кейін жаңа көл пайда болды, ол арнасынан асып кетуі мүмкін

0
113

Екі ірі өзеннің түйіскен жерінде жаңа көл пайда болды.


Гималайдағы жойқын су тасқынынан кейін жаңа көл пайда болды, ол арнасынан асып кетуі мүмкін

Бейнеден алынған кадрлар

ERNUR.KZ. Непал мен Қытайда жаңа алып бөгет көлінің пайда болуына байланысты су тасу қаупі туындады. Су арнасынан асып кетуі мүмкін, деп жазады tengrinews.kz.

Үйінді астында қалған аңғарлар мен беткейлерде іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Сәрсенбіде Непал мен Қытайдың Тибет шекаралас аймақтарында болған су тасқынынан кейін 1000-ға жуық адам әлі де хабар-ошарсыз кеткендер тізімінде. Табиғи апат кем дегенде 362 адамның өмірін қиған.

Екі ел де су тасқынына мұздықтың құлауы себеп болғанын түсіндірді, соның салдарынан тастар, мұз бен лай таулардағы өзен жүйелеріне түсіп, жойқын тасқынға әкеп соқтырған.

Екі ірі өзеннің түйіскен жерінде жаңа көл пайда болды. Бөгет қайтадан су тасқынына себеп болуы мүмкін деп ескертті қытайлық БАҚ.

Бейсенбіде Непалдың табиғи апаттармен күрес басқармасы өзен арнасын бөгеп тастаған үйінділерден пайда болған көлде су деңгейі көтеріліп жатқанын және оның жарылу қаупі бар екенін хабарлады.

"Төменгі ағыс тұрғындарынан, жолаушылардан, құтқару жұмыстарына қатысып жатқан мамандардан және барлық мүдделі тұлғадан ерекше сақ болуды, өзен жағалаулары мен қауіпті аймақтардан алыс, қауіпсіз жерлерде болуды сұраймыз", - делінген Непал билігінің мәлімдемесінде.

Қытай тарапы алдағы үш күнде шекараның өз жағындағы бөгелген көлге 3 миллион текше метр су құйылады деп күтілетінін, бұл бөгеттің жарылу қаупін тудыратынын ескертті. Судың ең жоғарғы ағыны шамамен 1 қыркүйекте болады деп болжанады.