Гинекологтың орнына әйелдерді тексерген сантехник масқара болды

0
1 125

Осылайша, ол өзін түрлі саладағы маманға теңеп, науқастарды қабылдай бастапты.


Гинекологтың орнына әйелдерді тексерген сантехник масқара болды

ERNUR.KZ. Ресейдің Первоуральск қаласындағы ауруханада сантехник өзін гинекологпын деп таныстырып, бірнеше күн бойы қабылдауға келген әйелдерді тексерген. Гинекологтан көмек сұрағандардың арасында кәмелетке толмаған қыз да болыпты, деп жазады NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр/ 360tv.ru


31 жастағы сантехник Антон Ярин бұрын да істі болған. Алдында ұрлық фактісі бойынша абақтыға жабылған ол бостандыққа шығып, қалыпты өмір сүріп жүрген. Алайда, заң жолымен жүруден шаршаған азамат тағы да ереже бұзғысы келген сыңайлы.

Нақтырақ айтқанда, сантехник болып жүрген Антон ақ халат киіп, №1 қалалық ауруханаға келген. Осылайша, ол өзін түрлі саладағы маманға теңеп, науқастарды қабылдай бастапты.

Азамат өзін терапевт, хирург және гинеколог ретінде де таныстырған көрінеді. Жедел жәрдем бөлімінің дәрігері болып та істеген Ярин кәмелетке толмаған қызды да гинекологтың қабылдауына алып кетіпті.

Аурухананың бас дәрігері Николай Шайдуровтың сөзінше, клиникада 300-ге жуық дәрігер жұмыс істейді. Сондықтан, ақ халаттылар оны жаңадан келген медқызметкер деп ойлап қалуы мүмкін. Ал алаяқты төлқұжатын көрсетуді сұраған жергілікті дәрігер анықтапты.

Бұған дейін Антон Ярин өзін полицейге, прокурор мен ревизорға да теңеп жүрген. Алайда, азамат кінәсін мойындап отырған жоқ. Ол тек науқас досын көруге келгенін алға тартып отыр.

Дегенмен аурухана бейнекамералары дәрігер болып жүрген Антонды анық түсірген. Ал аурухана әкімшілігі мен полицейлер науқастардан еш арыз түспегендіктен сантехникті ұстауға негіз жоқ екенін айтады.