Президент Пәкістан Премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады

0
102

Қасым-Жомарт Тоқаев Пешавардағы мектеп ғимараты шатырының опырылуы салдарынан көптеген адамның қаза болуына байланысты Шахбаз Шарифке көңіл айтты​.


Президент Пәкістан Премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады

Фото: Ақорда

ERNUR.KZ. Қасым-Жомарт Тоқаев Пешавардағы мектеп ғимараты шатырының опырылуы салдарынан көптеген адамның қаза болуына байланысты Премьер-министр Шахбаз Шарифке көңіл айтты, деп жазады Azattyq Rýhy.

Мемлекет басшысы Пәкістан халқының қайғысына ортақтасып, зардап шеккен жандардың тезірек сауығып кетуіне тілектестігін білдірді.