Ресейде Бауыржан Момышұлының рөліне кастинг жарияланды

0
111

Сериалдың түсірілімі қараша айында Мәскеу облысында басталады.


Ресейде Бауыржан Момышұлының рөліне кастинг жарияланды

© Photo : Из архива Музея боевой славы в Алматы

ERNUR.KZ. Ресейлік "Кино-Геном" кинокомпаниясы Кеңес Одағының батыры Бауыржан Момышұлының рөліне актер таңдау үшін кастинг жариялады, деп жазады sputnik.kz.
Картина жазушы Александр Бектің "Волоколам тас жолы" повесі негізінде түсіріледі.
Үміткерлерге қойылатын талаптар:
жасы 25-33 аралығындағы ер адам;
азиялық келбет;
кино мен сериалдарға түсу тәжірибесі мол кәсіби актер.
"Тарихи тұлға Бауыржан Момышұлына портреттік ұқсастығы болғаны жөн", – делінген компания хабарламасында.
Алғашқы бөлімнің түсірілімі 20-30 қараша аралығында Мәскеу облысында өтеді. Режиссері – Андрей Богатырев.
"Өтінімде аты-жөніңізді, жасыңызды, тұрғылықты қалаңызды, байланыс телефон нөміріңізді көрсетіп, фотосуреттеріңіз бен түсірілім тәжірибеңіз туралы ақпарат қамтылған өзекті портфолионы тіркеңіз. Өтінімді жібермес бұрын талаптармен мұқият танысып шығыңыз. Рөл сипаттамасына сәйкес келетін және тиісті түсірілім тәжірибесі бар кәсіби актерлердің өтінімдері қарастырылады", – деп хабарлады кинокомпания.
Өтінімдер мен актерлік портфолиоларды Lena-casting@ya.ru электронды поштасына жіберу қажет. Хат тақырыбында "Бауыржан" деп көрсету керек.