Гонконгта өрттен опат болған 40 адамның жеке басы анықталмады

0
68

Қайтыс болған 120 адамның жеке басы анықталды.


Гонконгта өрттен опат болған 40 адамның жеке басы анықталмады

Фото: AP

ERNUR.KZ. ДНҚ талдауы арқылы тағы 40 марқұмды анықтау міндеті тұр, деп жазады inbusiness.kz.

Әлі күнге дейін 6 адам іздестіріліп жатыр. Қазір зардап шеккен 20-дан астам азамат ауруханада ем алып жатыр. Олардың жағдайы тұрақты.

Билік өрттің себептерін тергеу үшін тәуелсіз комиссия құрды. Бұған дейін тексеріс нәтижесінде өртке қарсы материалдар мен дабыл жүйесінен ақау анықталған еді.

Естеріңізге салайық, 26 қарашада Ван Фук Корт тұрғын үй кешенін қызыл жалын шарпып, бірнеше минут ішінде сегіз ғимараттың жетеуіне тарап үлгерді.

Оқиғаға қатысты 20-дан астам адам ұсталды. Тергеу жалғасып жатыр.